«Біздің есептеуімізше, спортшылардан 2500 адам, екі қалаға келетін ресми қонақтар мен туристер ағыны жалпы 10 мыңдай адамды құрайды деп күтілуде», — деді С. Қалмырзаев.
Оның айтуынша, Азиада нысандары қарқынды салынып жатыр, нысандар уақытында пайдалануға беріледі.
Ол Азиаданы өткізуге шамамен 20 млрд теңге қарастырылып отырғанын еске салды. Қазір «жетекші нысандардың бірі — 30 мың көрерменге есептелген Астанадағы орталық стадион салынып бітті, онда ойындардың салтанатты ашылу рәсімі өтеді». Сондай-ақ, қазір «Медеу» мұз айдыны, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы мен «Қазақстан» спорт кешені жаңалануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.