Азиада-2023: бүгін қазақстандық төрт боксшы жұдырықтасады - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиада-2023: бүгін қазақстандық төрт боксшы жұдырықтасады

Азиада-2023: бүгін қазақстандық төрт боксшы жұдырықтасады

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

  • 1 Қазан 2023
  • 1875
Фото - Caravan.kz

Бүгін Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан төрт боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Күндізгі сессияда Қазақстан атынан екі спортшы қатысады. Астана уақытымен сағат 13:15-те Наталья Богданова шаршы алаңға шығады. 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшымыз ширек финалда моңғолиялық Цэцэгдари Мягмарсурэнмен кездеседі.

Сағат 14:45-те 92 келіге дейінгі салмақтағы Сағындық Тоғамбай жартылай финалдық жекпе-жек өткізеді. Ол қытайлық Хань Сюэчжэньмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Кешкі сессияда Қазақстанның екі спортшысы шаршы алаңға шығады. Сағат 17:15-те 57 келіге дейінгі салмақта Карина Ибрагимова моңғолиялық Намуун Монхормен ширек финалдық жекпе-жек өткізеді.


Сағат 19:00-де 63,5 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Ертуған Зейнуллинов Моңғолияның тағы бір өкілі Чинзориг Баатарсухиинмен кездеседі. Бұл жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Перейти к новостям спорта