Жартылай финалдық матчта біздің құрама қытайлық Тайпейге қарсы ойнады. Ойын нәтижесі бойынша Тайпей 1:2 есебімен басым түсті.
Бастапқы матчта Юлия Путинцева екі сетте Юн Ян Чанге 4:6, 1:6 есебімен есе жіберіп алды. Осыдан кейін құраманың көшбасшысы Ярослава Шведова есепті теңестірді, яғни қарсыласы Су Вей Хсиехті 6:3, 7:6(4) ұпайымен жеңді. Шешуші жұптасып ойнайтын матчта Шведова мен Путинцева тайпейлік Чан және Хсиехке 0:6, 2:6 есебімен жол берді.
Нәтижесінде, жартылай финалдық додада біздің құрама командалық турнидің қола медаліне қол созды.
