Азиаданың ақшасын қалтасына басқан басшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды
|
Азияда үшін абақтыға қамалды. 2011 жылы елімізде өткен VII қысқы Азия ойындарының Алматыдағы дирекциясының директоры қаржы жымқырғаны үшін істі болып отыр. Сұлтанбек Сыздықов 23 миллион теңге көлеміндегі қаржыны қалтасына басқан деп айыпталуда.
Тура Азиада алдында Алматыдағы дирекцияның басшылығын қолына алған Сыздықов, қыруар қаржыны құжатта концерттік бағдарламаны ұйымдастыру үшін кетті деп есеп берген. Ал іс жүзінде сол отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен өтті деген концертін көрген ешкім жоқ. Сондай-ақ, жарыстың Астанадағы ашылу және Алматыда өткен жабылу салтанатымен тікелей айналысқан ресейлік топтың еңбекақасын да негізсіз көтергені анықталып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін