Тура Азиада алдында Алматыдағы дирекцияның басшылығын қолына алған Сыздықов, қыруар қаржыны құжатта концерттік бағдарламаны ұйымдастыру үшін кетті деп есеп берген. Ал іс жүзінде сол отандық өнер жұлдыздарының қатысуымен өтті деген концертін көрген ешкім жоқ. Сондай-ақ, жарыстың Астанадағы ашылу және Алматыда өткен жабылу салтанатымен тікелей айналысқан ресейлік топтың еңбекақасын да негізсіз көтергені анықталып отыр.