"Азия чемпионаты": Финалда 5 қазақ боксшысы өзбек боксшыларынан жеңілді - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азия чемпионаты": Финалда 5 қазақ боксшысы өзбек боксшыларынан жеңілді

"Азия чемпионаты": Финалда 5 қазақ боксшысы өзбек боксшыларынан жеңілді

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалында Қазақстан ерлер құрамасының бес боксшысы өзбекстандық қарсыластарына есе жіберді.

  • 11 Желтоқсан
  • 166
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақтық сынға Қазақстаннан 9 боксшы шықса оның жетеуі өзбек былғары қолғап шеберлерімен жекпе-жек өткізді.

Шаршы алаңға бірінші болып шыққан 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Тәшкенбай қарсыласы Шодиержон Меликузиевтен жеңілді. Ұлттық құраманың боксшысы Оразбек Асылқұлов 0:5 есебімен Миразизбек Мирзахалиловке жол берсе, Дулат Бекбауов өзбекстандық Мужибилло Туруновтан ұтылып, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды.

71 кг салмақ дәрежесіндегі Абылайхан Жүсіпов қарсыласы Хавасбек Абдуллаевтан айласын асыра алмады. Құрлықтық додадағы бесінші күмісті қоржынға Диас Молжігітов салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 54 кг салмақта Махмұд Сабырхан өзбекстандық Шахзод Музаффаровты айқын басымдықпен жеңіп, бокс жанкүйерлеріне алғашқы алтынды сыйлаған еді. 86 кг салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Бекзат Нұрдәулетов екінші алтын медальды жеңіп алса, 92 келіде ақтық сында Сағындық Тоғамбай үшінші алтынды қоржынға салды. Сағындық Тоғамбай тәжікстандық қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Көп ұзамай команда капитаны Айбек Оралбай қытай боксшысынан басым түсіп, төртінші алтынды қоржынға салды.

Ұлттық құраманың Азия чемпионатында көрсеткен нәтижесіне көңілі толмаған бокс жанкүйерлері түрлі пікір жазуда.

«Өзбектерді жеңе алмай кеттік қой», «Масқара, өзбектердің екінші нөмірлі боксшыларынан жеңіліп жатырмыз. Олар бірінші нөмірлерін әкелсе, медальсыз қалады екенбіз», «Қазақ боксшылары әлсіреп кеткен», «Енді қанша алтын алсақ та командалық есепте өзбектерден оза алмаймыз», «Мойындау керек, өзбек боксшылары мықты», — деп жазды олар.

Еске салсақ, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орынды аламыз деп жоспарлаған еді.