"Азия чемпионаты": Қазақстан қоржынында 3 алтын - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азия чемпионаты": Қазақстан қоржынында 3 алтын

"Азия чемпионаты": Қазақстан қоржынында 3 алтын

Бүгін, 10 желтоқсан күні Таиландтың Чиангмай қаласында Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдық кездесулері өтуде.

  • 10 Желтоқсан 2024
  • 46
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль әкелген Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, сәтті нәтиже көрсетті. Шешуші кездесуде қазақстандық боксшы Қытай спортшысы Цян Лиден басым түсті.

63 келіге дейінгі салмақта үздік атанған Аида Әбікеева финалдық кездесуде вьетнамдық Ха Линмен жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, ел қоржынына екінші алтынды салды.

Ал, 70 келідегі Наталья Богданова шаршы рингтің иесі Бейсон Маниконмен жұдырықтасып, қазақ боксының жанкүйерлеріне үшінші алтынды сыйлады.

Санаулы уақытта шаршы алаңда ел намысын Ержан Гүлсая мен Талипова Елдана да қорғайды.