"Азия чемпионатының финалы": Қазақстандықтардың жекпе-жегін тікелей эфирде қайдан көруге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азия чемпионатының финалы": Қазақстандықтардың жекпе-жегін тікелей эфирде қайдан көруге болады

"Азия чемпионатының финалы": Қазақстандықтардың жекпе-жегін тікелей эфирде қайдан көруге болады

10 желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді.

  • 10 Желтоқсан 2024
  • 6
Фото: Olympic.kz

Olympic.kz мәлімдеуінше, әйелдер арасынан бес спортшы алтын медаль үшін сынға түседі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Шешуші кезеңде Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын спортшылар: Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (63 келіге дейін), Наталья Богданова (67 келіге дейін), Гүлсая Ержан (81 келіге дейін) және Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары).

Жекпе-жектерді тікелей эфирде Азия бокс конфедерациясының ASBC YouTube-арнасынан көруге болады. Басталуы – Астана уақытымен 12:00.