Әзімбай Ғали Армения-Әзірбайжан қақтығысы туралы: Қазақстан бұл іске араласпауы керек! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзімбай Ғали Армения-Әзірбайжан қақтығысы туралы: Қазақстан бұл іске араласпауы керек!

Әзімбай Ғали Армения-Әзірбайжан қақтығысы туралы: Қазақстан бұл іске араласпауы керек!

Әзірбайжан мен Армения елдері арасында Таулы Қарабах үшін қарулы қақтығыс болып жатқаны баршаға мәлім. Екі елде де соғыс жағдайы енгізілді. 

  • 30 Қыркүйек 2020
  • 247
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты Қазақстан билігі қандай позиция ұстаған дұрыс? Қазақстан елі іштей қай елді қолдайды?

Осы сұрақтарға белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында жауап берді.

— Әзімбек аға, Армения — Әзірбайжан қақтығысында Қазақ билігі қандай позиция ұстанған дұрыс?

— Біз әрине түркі тілдес елміз, дегенменде Қазақстан бұл іске араласпауы керек. Арменияны қолдауға Ресей дайын отыр, біз содан сақтануымыз керек. Ресейден қорқамыз деген сөз емес, тек сақтану керекпіз. Ал Әзірбайжан ол түркі тілдес ел, десе де біз дипломатиялық жақты пайдалануымыз керек.

— Қазақ халқы іштей қай елді қолдап отыр?

— Біз Түркі елдес елдер болғаннан кейін, әрине Әзірбайжан елін қолдап отыр. Бірақ, ол жер Армияндардың жері. Армияндықтар көптеген жылдар бойы геноцид ұшырап, жоқ болып кеткен болатын. Кейін аз қалған халықтан көп халық болып шықты. Ол жер Армиян халқының жері, Әзірбайжанның шекарасына кіретін жер. Не болса да, Қазақстан іштей Әзірбайжанды қолдап отыр, бірақ тек дипломатиялық жолды пайдалану керек.

— Түркияның бұл қақтығысқа араласып жатқаны белгілі, ал Ресей ше? Араласады деп ойлайсыз ба?

— Бұл жерде Түркия мен Ресей арасының қандай екенін аңғаруға болады. Түркияға араласқаннан кейін Ресей міндетті түрде араласатын болады. Негізі, Әзірбайжанда шикізат шығады, аймағы да үлкен. Ал Арменияны аймағы да кішкентай, шикізат та шықпайды. Сондықтан бұл жағдай қиын негізі.

— Бұл қақтығыс қанша уақытқа созылуы мүмкін?

Бұл қақтығыс біз ойлағаннан ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл қақтығыста Армяндықтар өздерінің қандай мықты екенін көрсете білді. Әскерлері де мықты екен. 2016 жылы екі ел арасында да кішігірім қақтығыс болған еді. Ол кезде бірінші Армения бастаған еді, ал бұл Әзірбайжан бастады. Арменияның әскері мықты болғанымен ұзаққа бара ала ма, жоқ па белгісіз. Халқы Ресейге, Еуропа елдеріне көшіп жатыр. Бұрынғыдай геноцидке ұшырамаудың амалын жасауда. Ал бұл жағдайда, бұл қақтығыста Қазақстан ешбір елді қолдамауы керек.

Соңғы жаңалықтар