Әзірбайжан астанасы Бакуде «Түркітілдес халықтарының халықаралық музыкалық аспаптар симпозиумы» өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзірбайжан астанасы Бакуде «Түркітілдес халықтарының  халықаралық музыкалық аспаптар симпозиумы»  өтті

Әзірбайжан астанасы Бакуде «Түркітілдес халықтарының халықаралық музыкалық аспаптар симпозиумы» өтті

16-17 желтоқсан аралығында Әзірбайжанда ТҮРКІСОЙ ұйымы мен Әзірбайжанның мәдениет және туризм министрлігі және Мемлекеттік музыка мәдениеті мұражайының бірлесіп ұйымдастыруымен « Түркітілдес халықтарының музыкалық аспаптары» атты симпозиум болып өтті.

  • 20 Желтоқсан 2010
  • 926
Фото - Caravan.kz

Аталған халықаралық жиынға 11елден 62 ғалым қатысты. Симпозиумда түркітілдес халықтардың музыкалық аспаптар түрлері мен ерекшеліктері, музыкалық аспаптардың технологиясы мен акустикасы, түркі әлем аспаптарының коллекциясы, сазгерлік саласындағы дәстүрлі музыка аспаптары, жоғалып немесе ұмытылып кеткен аспаптардың қайта жандандырылуы сияқты тақырыптар талқыланды.

Сонымен қатар, ТҮРКІСОЙ халықаралық ұйымының тарапынан жарияланған «Махдумоғлұ Ферагидің таңдамалы шығармалары» атты кітабының таныстырылымы болып өтті.


Сондай-ақ, ТҮРКІСОЙ мүше елдері мен Америка және Еуропадан келген ғалымдардың қатысуымен болып өткен симпозиумда жасалған баяндамалар кейін кітап ретінде де жарияланатын болады.

Перейти к новостям спорта