Жарияланды: 360

Әзірбайжан және Өзбекстан азаматтарынан жарақаттайтын тапанша және бірнеше оқ-дәрі тәркіленді

Астанада қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағандығы үшін Әзірбайжанның алты азаматы және Өзбекстанның азаматы ұсталды, деп хабарлады астаналық полицияның баспасөз қызметінен дүйсенбіде.

Дүйсенбіде таралған хабарламаға қарағанда, олар өткен жексенбіде Астанада уақытша тұрып жатқан пәтерден ұсталған. "Пәтерді қарау кезінде полиция 2 патроны бар "ОСА" маркілі тапанша, 12 калибрлі 4 патрон, "ТТ" маркілі тапаншаның 3 патроны, Калашников автоматының 5,45 калибрлі 6 патроны, 4 пышақ салынған пакет тапқан", делінген хабарламада. Республика Қылмыстық кодексінің 251 бабы бойынша (қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтау ) қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін