Жарияланды: 540

Әзірбайжанда әлемдегі ең биік ғимарат салынады

Әлемдегі ең биік ғимарат атанатын «Әзірбайжан мұнарасының» құрылысына 2 млрд доллар инвестиция қажет. Мұнараның биіктігі 1 050 м болады, деп хабарлайды РБК.

Мұндай қаражатты Бакуде Каспий жағалауындағы Khazar Islands кешенін тұрғызып жатқан Avesta концерні бөлуге дайын. «Әзірбайжан мұнарасы» қазіргі таңда дүние жүзіндегі ең зәулім ғимарат саналатын Дубайдағы «Burj Khalifa» мұнарасынан 200 метрге биік болады. Бакудегі ғимарат 186 қабаттан тұратын болады. Бұл кешенде пәтерлер, кеңсе, сауда және бизнес орталықтары орналасады. Құрылыс 2016-2017 жылдары басталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін