Әзірбайжандық компаниялар Қазақстандағы логистикалық орталықты құруға қатысу мүмкіндігін қарастыруда
Әзірбайжандық компаниялар Батыс Қазақстандағы логситикалық орталықтың құрылуына және бұл орталық арқылы аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыса алады. |
Бұл туралы кеше Баку қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевпен кездесуден кейін Әзірбайжанның экономикалық дамыту министрі Шахин Мұстафаев айтты.
«Қазақстанның батыс облыстарымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында әзірбайжандық делегацияның Ақтау қаласына сапары, сондай-ақ бірлескен бизнес-форумды ұйымдастыру күтіледі», - деді министр Ш.Мұстафаев.
Оның айтуынша, Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланыстар өзара құрметтеушілік пен өзара тиімді ынтымақтастық принциптеріне сүйенеді. Бүгінде екі елдің арасында 20-ға жуық құжатқа қол қойылды, берік келісімдік-құқықтық база құрылды.
Өз кезегінде Қ.Көшербаев Қазақстанда Әзірбайжанмен ынтымақтастықты кеңейтуге, әзірбайжандық экономиканың түрлі салаларында, әсіресе аграрлық секторында қолданылатын алдыңғы қатарлы технологиялар мен әдістерге үлкен қызығушылықтың бар екенін жеткізді.
Кездесу барысында ынтымақтастықты кеңейтудің болашағы, экономиканың түрлі салаларындағы байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін