«Әзірет Сұлтан» мешітінде заманауи стандарттарға сай студия ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Әзірет Сұлтан» мешітінде заманауи стандарттарға сай студия ашылды

«Әзірет Сұлтан» мешітінде заманауи стандарттарға сай студия ашылды

Тұсауы кесілгеніне небәрі бір жыл толған Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті көптеген іргелі шараларға мұрындық болып, көпшіліктің ықыласына бөленіп келе жатқаны мәлім.

  • 28 Қазан 2013
  • 311
Фото - Caravan.kz


Елімізде қалыптасқан діни ахуалды жақсартудың бірден бір жолы — діни үгіт-насихат екені көптен айтылып келген. Осы мақсатта «Әзірет Сұлтан» мешітінде аудио және теле студия ашылды. Студияның құрылғылары мен бөлшектері Ресей, Америка Құрама штаттарынан арнайы тапсырыспен алдырылды.

Халықты асыл дінімізге даналықпен, терең біліммен шақыруға бастама болсын деген ниетпен бұл студияға «Хикмет» деген ат қойылды. Бұл студияда әзірленген үн таспалар мен бейнеөнімдер бүкіл Қазақстан халқының дұрыс діни сауатын ашуға мол үлес қосылады деп күтілуде. «Хикметте» әзірленген діни бағдарламалар бірінші кезекте мемлекеттік телеарналарда және арнайы ашылып жатқан «HIKMET.TV» интернет порталында көрсетіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы muslim.kz хабарлады