Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты muslim.kz сайты төте жазу нұсқасында шыға бастады
Бүгіннен бастап «Әзірет Сұлтан» мешітіне қарасты muslim.kz сайты төте жазу нұсқасында шыға бастады. Бұл туралы мешіттің баспасөз қызметінен хабарланды. |
«Бүгінде Қытайда тұратын 2 миллионға жуық қандасымыз осы төте жазуын қолданады. Ал төте жазуда діни сайт жоқ десе де болады. Сондықтан да, сырттағы қандастарымыздың рухани әлемін байытып, діни сенімін күшейтіп, адасқан ағымдардан арашалап қалу үшін сайттың төте жазудағы нұсқасын ұсынып отырмыз», - делінген баспасөз хабарламасында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін