«Бүгінде Қытайда тұратын 2 миллионға жуық қандасымыз осы төте жазуын қолданады. Ал төте жазуда діни сайт жоқ десе де болады. Сондықтан да, сырттағы қандастарымыздың рухани әлемін байытып, діни сенімін күшейтіп, адасқан ағымдардан арашалап қалу үшін сайттың төте жазудағы нұсқасын ұсынып отырмыз», - делінген баспасөз хабарламасында.