Бұл шешім Amateur International Boxing Association, AIBA конгресінде сайлау барысында қабылданды, конгресс кореялық Чеджу қаласында өтіп жатыр. Алдында бұл қызметті өзбек кәсіпкері және спорт қайраткері Гофур Рахимов атқарып келген, делінген ASBC сайтында.
С.Қонақбаев Павлодарда 1959 жылы туылған.Бокс карьерасын "Спартак" клубында бастаған. Мәскеуде 1980 жылы өткен жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.