Азия чемпионатында зілтемірші Фаина Сиванбаева қола жүлдені олжалады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия чемпионатында зілтемірші Фаина Сиванбаева қола жүлдені олжалады

Азия чемпионатында зілтемірші Фаина Сиванбаева қола жүлдені олжалады

Қазақстандық зілтеміршілер Тайландтағы Азия чемпионатында тағы бір медаль олжалады.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 517
Фото - Caravan.kz


Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Фаина Сиванбаева біздің құрамамызға бір қола жүлде әкелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сиванбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 229 (104+125) келі көтерген. Бұл ретте жұлқа көтеруден кейін екінші орында келе жатты. Жарыста 240 (105+135) келі көтерген қытайлық спортшы Жу Веню жеңімпаз атанды. Екінші орында жалпы 233 (103+130) келі көтерген Таиланд ауыр атлеті Сирикаев Пимсири тұрақтады.