Азия чемпионатындағы жартылай финалға қазақстандық алты боксшы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Азия чемпионатындағы жартылай финалға қазақстандық алты боксшы шықты

Азия чемпионатындағы жартылай финалға қазақстандық алты боксшы шықты

Азия чемпионатының жартылай финалына Қайрат Ералиев, Василий Левит шықты, бүгін таңертең оған біздің тағы төрт боксшы қосылды, деп хабарлады Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметінен. 

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 413
Фото - Caravan.kz


Бірінші сессияның алғашқы жұбында Олжас Сәттібаев (52 келі) 2013 жылғы Түркіменстан чемпионы Зарип Жұмаевқа қарсы шықты. Қазақстандық боксшы қарсыласынан басым көрінді. Жұмаев көбірек қорғанып, соққыларды жіберіп алды. Үшінші раундта нокдаунға түсті. Сөйтіп 3:0 есебімен Олжас Сәттібаевтың пайдасына шешілді.

Қазақстандық құрама команда капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) Вэй Люмен кездесті. 27 жастағы қытайлық боксшы WSB аясында China Dragons клубы атынан шықты. Ол екі жеңісі, үш жеңілісімен рейтингте 12-ші орында. Вэй Лю 2011 жылы екі рет Бақыт Сәрсекбаевпен жұдырықтасып, екі ретінде де ұтылып қалған болатын. Осы жолы да қазақстандық бокс мектебінің өкілі алға озып, Данияр Елеусінов қалыпты қарқында қарсыласын 3:0 есебімен жеңді.

Әділбек Ниязымбетов (81) Алаа Гуссунмен (Сирия) кездесіп, сайыс 3:0 есебімен Ниязымбетовтің пайдасына шешілді.

Астана уақыты бойынша 17.00-де басталатын кешкі сессияда Закир Сафиуллин (60) КХДР боксшысы Чол Гук Квонмен кездеседі.

Бокс бойынша Азия чемпионатының жартылай финалы мен финалын Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де тікелей эфирде «Kazsport» арнасы көрсетеді. 

2 

3

Соңғы жаңалықтар