Азия чемпионатының ақтық сынында қазақстандықтар Катар волейболшыларымен кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия чемпионатының ақтық сынында қазақстандықтар Катар волейболшыларымен кездеседі

Азия чемпионатының ақтық сынында қазақстандықтар Катар волейболшыларымен кездеседі

Волейболдан Тегеранда өтіп жатқан ерлер командалары арасындағы XVI Азия чемпионатының ақтық сынында бүгін Қазақстан командасы 9-орын үшін Катар құрамасымен екінші рет кездеседі.

  • 28 Қыркүйек 2011
  • 283
Фото - Caravan.kz


Жерлестеріміз кеше жартылай финалда катарлықтарды 3:2 (20-25, 25-18, 25-15, 23-25, 15-7) есебімен ұтқан болатын. Алғашқы кезеңде өз тобында 3-орынды қанағат тұтқан олар екінші кезеңде Ауғанстан , Тайпей құрамасын 3:0 етіп жеңген еді. Ал жүлделі орындарды Қытай, Австралия, Иран және Оңтүстік Корея құрамалары өзара сарапқа салмақ. Жапония, Шри-Ланка, Пәкістан, Үндістан волейболшылары болса 5-8 орынға таласады.