Жарияланды: 640

Азия чемпионы С. Ерішұлы 180 келіні бағындырды!

Алматыда сығымдап көтеруден 15-ші және пауэрлифтингтен 6-шы Қазақстан ашық чемпионаты өтуде. Жыл санап елімізде беделі артып келе жатқан бұл спорт түрінен зілтеміршілер тамызда өтетін Азия чемпионатына жолдамаларды сарапқа салды.

Қазақстанның 14 облысы,  екі  қаласы, сонымен қатар Ресей, Түркменстан және Қырғызстаннан келген 500-ге жуық қатысушылар арасында әлем, Азия чемпиондары да бар. Олардың ішінде біздің отандасымыз, әлем чемпионы Сергей Вайгин де өнер көрсетуде. Одан бөлек жақында ғана отандасымыз Рүстем Мельчиев дүниежүзілік додада жеңімпаз атанғанын айта кеткен жөн. Біріншілік барлық салмақ дәрежесі мен жас категориясы бойынша өтуде. Ал келер жылы ұйымдастырушылар Алматыда Азия чемпионатын өткізуді жоспарлап отыр. Жеңімпаздар арасында көп жыл бойы грек-рим күресімен айналысып, кейін зілтемірге көшкен Серік Ерішұлы да бар. Азия чемпионы бүгін 180 келіні бағындырды.

Серік Ерішұлы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Өзімді спортшы ретінде сол бабымда қалу үшін 49 жасымнан бастап, алғашқыда өзім үшін айналыстым. Одан кейін бір жылдан соң жарысқа қатысып, енді қазір халықаралық жарыстарға қатысып жүрмін.

 Уимблдонда жартылай финалға шыққан теннисшілер есімі анықталды. Словак қызы Доминика Цибулковамен кездескен ресейлік Мария Шарапова жеңіске жетіп, биылғы сынның финалына жақындай түскен ең жасы үлкен теннисші атанды.

Бұл маусымда Цибулковамен екі рет жолы түйісіп, қос кездесуде де жеңілген Шарапова Тұманды Альбиондағы жарысқа үлкен дайындықпен келгенін айтты. Бұл оның ойынынан да байқалды. Ресейлік теннисші қос сетте де 6:1 есебімен таза жеңіске қол жеткізді. Оның ендігі қарсыласы Сабин Лисицкий болмақ, ал жартылай финалдық екінші жұпта Виктория Азаренко мен Петра Квитова. Ерлер арасындағы жартылай финалда Новак Джокович Бернард Томичьпен, Роджер Федерер Жо-Уилфрид Тсонгамен кездеседі.

Германиядағы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты қыза түсуде. Бүгін осы біріншіліктің бас жүлдесінен үміткердің бірі - Бразилия құрамасы өзінің алғашқы ойынын өткізеді.

Ерлер арасында Бразиялия әлем үздіктерінің қатарында екені белгілі. Олар  бес  рет әлем  кубогын қанжығаларына байлаған. Нәзік жандылар да қалысқысы жоқ. Д тобында өнер көрсететін бразилиялықтар финалға шығамыз деп отыр. Оған қоса олардың сапында әлемнің үздік аяқдопшысы Марта бар екенін ескерген жөн. 25жасар теңбіл доп шебері Германияға аттанарда әлем чемпионы атану оның арманы екенін айтқан. АлАвстралия сапында бұл бәсекеде 13 бірдей дебютант алаңға шығады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін