Азия Даму банкі 2004-2006-жылдарға арналған жаңа елдік стратегияға сәйкес Қазақстанға 6 млн. доллардың техникалық көмегін, 190 млн. доллардың несиесін бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия Даму банкі 2004-2006-жылдарға арналған жаңа елдік стратегияға сәйкес Қазақстанға 6 млн. доллардың техникалық көмегін, 190 млн. доллардың несиесін бөледі

Азия Даму банкі 2004-2006-жылдарға арналған жаңа елдік стратегияға сәйкес Қазақстанға 6 млн. доллардың техникалық көмегін, 190 млн. доллардың несиесін бөледі

Азия Даму банкі 2004-2006-жылдарға арналған жаңа елдік стратегияға сәйкес Қазақстанға техникалық көмекке арналған 13 грантқа 6 млн. доллар, сондай-ақ, 4 жоба бойынша 190 млн. доллардың несиесін бөледі. Бұл туралы бүгін, 14-қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Азия Даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Казухико Хигучи хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2004
  • 762
Фото - Caravan.kz

К.Хигучидің айтуынша, 2004-жылы және одан кейінгі жылдарда Азия Даму банкі Қазақстан үкіметі тарапынан ақыл-кеңес түріндегі қолдауға арқа сүйей отырып, жаңаша ынтымақтастық стратегиясын жүзеге асыру мақсатына бар күш-жігерін жұмсайтын болады. Бұл орайда өзара білім алмасу арқылы ұлттық және жергілікті деңгейдегі институционалдық әлеуетті арттыруға басымдық берілмекші.

Алдағы үш жылға есептелген жаңаша ынтымақтастық стратегиясы мен елдік бағдарламаны Азия Даму банкінің директорлары кеңесі 2003-жылдың қазан айында бекіткен. Ынтымақтастық стратегиясы мен елдік бағдарламалар жыл сайын жаңартылып, толықтырылып отырады.
Өкілдік төрағасының айтуынша, Азия Даму банкінің жаңа стратегиясында Қазақстанның экономикалық даму қарқыны мен қаржылық ахуалдың жақсаруы ескерілген. Осыған байланысты Азия Даму банкі мен ҚР арасындағы орта мерзімді ынтымақтастық аясында өзара білім алмасуға басымдық беріледі.
Азия Даму банкінің техникалық көмегі аясына табиғи ресурстарды басқару, ауылды сумен қамтамасыз ету, ауылдық аумақтарды дамыту, білім беру, көлік және жеке меншік сектор тәрізді салалар қамтылады.
2003-жыл қорытындысына тоқталған К.Хигучидің хабарлауынша, Азия Даму банкі техникалық көмек бағытында жалпы көлемі 2,41 млн. долларды құрайтын 10 жобаны жүзеге асырып, 6 жаңа грант аясында 1,78 млн. доллар бөлумен бірге ауылдық аумақтардағы сумен қамтамасыз ету және су құбыры жүйелерін дамытуға 34,6 млн. доллар көлемінде несие бөлуді мақұлдады. Несие туралы шешімді ендігі кезекте ҚР үкіметі бекітуі тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан Орталық Азия елдерінде жүзеге асырылған техникалық көмек түріндегі аймақтық 5 жобаның шеңберінде де қаржылық қолдауға ие болды.
Тұтастай алғанда, Қазақстан Азия Даму банкіне мүшелікке өткен 1994-жылдан бері бұл қаржылық институт елімізге техникалық көмек түріндегі 50 грантқа 23,4 млн. доллар, сондай-ақ, 501,6 млн. доллардың 12 несиесін бөлді.
Азия Даму банкі Азия -Тынық мұхиты аймағы елдерінің мемлекет басшыларының бастамасымен 1966-жылы құрылған. Азия Даму банкіне әлемнің 63 елі мүше, олардың 45-і Азия -Тынық мұхиты аймағындағы елдер болып табылады.

Соңғы жаңалықтар