Стратегияның басымдықтары ауылдық аумақтарды дамытуға және Орталық Азияда көлік және сауда саласындағы аймақтық ынтымақтастықты дамытуға бағытталады.
«Азия Даму банкі ауылдық аумақтарды дамыту бағытында су қамтамасыздығын жақсартуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр»,- деді Х.Хигучи.
Сонымен бірге алдағы үш жылда Азия Даму банкі қаржы саласын қолдауға, әсіресе ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамытуға, мемлекеттік билік мекемелерінің әлеуетін институционалдық тұрғыда нығайтуға бағытталған техникалық көмек жобаларын қаржыландырады. Техникалық көмек жобаларын қаржыландыру көлемі 1,8 млн. долларды құрайды деп күтілуде. 2004-жылы банк Қазақстанда жалпы сомасы 2 млн. долларға жететін 5 техникалық көмек жобасын қаржыландырды.
Бұған қоса К.Хигучидің айтуынша, Азия Даму банкі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударға әзір. «Банк инвестиция енгізуге қолайлы Қазақстан экономикасының салалары мен жеке меншік сектордағы іс-қызмет түрлерін айқындап алмақшы. 2005-жылдың ақпан айында Азия Даму банкі мен Қазақстан үкіметінің өкілдері ынтымақтастықтың осы саласын жан-жақты талқылайды»,- деді ол.
1996-жылдан бері Азия Даму банкі жалпы көлемі 527,6 млн. долларды құрайтын 12 инвестициялық жоба мен 54 техникалық көмек жобасын қаржыландырды.