Тадао Чино мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.
«Азия даму банкі Қазақстанға көп бағытта көмек беруге дайын»,- деп мәлімдеген Т.Чиноның айтуынша, ауылшаруашылығын дамыту, ауылды жерлерде кедейлікті азайтуға бағытталған 1,9 млн. доллардың гранты таяу уақыттарда беріледі.
«Азия даму банкі алдағы жылдарда Қазақстанды қолдау принципінен ауытқымайды»,- деді Т.Чино. Біз сондай-ақ аймақтардың дамуына, көлік, сауда, және қаржылық секторды қолдауғы ықпалы тиетін экономика салаларында жұмыс істейтін боламыз, деді ол.
Т.Чиноның айтуынша, «бұл аяға тек қаржылық көмек қана емес, білім жалғастыру да қамтылады». Азия даму банкі сонымен бірге Қазақстанға бұдан басқа бірқатар несиелер беруге дайын. Олардың көлемі ҚР үкіментімен ақылдасу арқылы анықталады.
БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында Т.Чино Қазақстанның даму деңгейіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, «республиканы қол жеткізген табыстарымен құттықтауға болады». «Қазақстан басшылығы алда тұрған қауіп-қатерлерден хабардар. Қазақстан Орталық Азия аймағындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуда маңызды роль атқарады. Ал Азия даму банкі Қазақстанның аймақтағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге деген талпыныстарын қолдайды»,- деді ол.