Үш күнге созылатын сапардың басты мақсаты — Азия Даму банкінің «ауылдық аумақтарды сумен қамтамасыз ету» жөніндегі жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады. Жұма және сенбі күндері қонақтар Мамлют, Булаев және Тайынша аудандарында болады. Солтүстік Қазақстан облысының әкімімен кездесуде де аталмыш мәселеге баса назар аударылды. Т.Мансұровтың айтуынша, 2003-жылы Солтүстік Қазақстан облысына су құбырларын жөндеу және жаңалауға республикалық бюджеттен 1 млн. доллар, ал 2004-жылы 1,5 млн. доллар бөлінді. Соған қарамастан, облыс басшылығы халықаралық ұйымдардың көмегінен бас тартпайды. Бұған қоса, осынау бірлескен шараға сәулет, құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым, ауылшаруашылығы, қаржы және экономикалық даму департаменттерінің таңдаулы мамандарын тартуға кепілдік береді. Азия Даму банкінің жобалық тобы қойып отырған шарттардың бірі бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды тарту болып табылады. Ж.Симеонидің айтуынша, «бұл ұйымдар әлеуметтік проблемаларды шешуге белсене араласуы тиіс».