М.Ерғалиевтің хабарлауынша, биыл «Азия дауысы» фестивалі өткізілмейді деген шешім қала әкімінің орынбасары Қайрат Бөкеновтың қатысуымен өткен кеңесте қабылданған.
Байқауды өткізуге дәл қанша ақша жетпей қалды деген журналистер сауалына М.Ерғалиев жауап беруден бас тартты. Дегенмен, ол Алматы қалалық әкімшілігінің ұсынысы бойынша биыл 3-қыркүйекте «Студенттік жоралғы» жастар мерекесі аясында «Азия дауысы фестивалінен таңдаулы» атты концерт ұйымдастырылатынын жеткізді.
М.Ерғалиевтің хабарлауынша, «фестиваль бұған дейін ұдайы қала үшін ұйымдастырылып келген және «Азия дауысы» бола ма, жоқ па деген шешімді жыл сайын қала әкімі шешеді».
Алдағы жылға арналған жоспарымен бөліскен М.Ерғалиев: «байқауға дайындықты бастау немесе бастамау туралы алдағы күзде әкімшілікке сауал жолдайтын боламын»,- деп жауап берді.