Азия ойындары-2017: Жеңіл атлеттеріміз жарысты жалпы есепте бірінші орынмен аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия ойындары-2017: Жеңіл атлеттеріміз жарысты жалпы есепте бірінші орынмен аяқтады

Азия ойындары-2017: Жеңіл атлеттеріміз жарысты жалпы есепте бірінші орынмен аяқтады

Ашхабад қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында жеңіл атлеттердің сайысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 721
Фото - Caravan.kz

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының таратқан мәліметіне сүйенсек, Қазақстан жеңіл атлеттері сарапқа салынған 26 медальдің ішінен 6 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды алды.

Екінші орынға  5 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль иеленген үндістандық жеңіл атлеттер ие болса, үздік үштікті 2  алтын, 3 күміс иеленген Сауд Арабиясы түйңндеді. Жалпы Ашхабадта 19 елдің жеңіл атлеттері жүлдеге ілікті.      

Қазақстанның атынан Түрікменстанда 14 атлет өнер көрсетті. Ерлер — ядро серпу, сырықпен секіру, биіктікке секіру, 400 метрге жүгіру, 4х400 метрлік эстафета; әйелдер — ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, 60 метрге жүгіру, 400 метрге жүгіру, 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру және 4х400 метрлік эстафета сайыстары бойынша қатысты.

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова ұзындыққа және үш қарғып секіруден топ жарды. Сондай-ақ, алтын алғандардың қатарында Иван Иванов (ядро серпу), Сергей Григорьев (сырықпен секіру), Виктория Зябкина (60 метрге жүгіру), Элина Михина (400 метрге жүгіру) бар.


Жалғыз күміс медаль үш қарғып секіруші Мария Овчинникованың еншісінде.

Қола жүлдеге Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Анастасия Виноградова (60 тосқауылдар арқылы жүгіру), Михаил Литвин ( 400 метрге жүгіру) ие болды.