Азия ойындарына дайындық шеңберінде Алматыдағы шаңғы-биатлон кешенінде Қазақстан Кубогы үшін жарыстар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия ойындарына дайындық шеңберінде Алматыдағы шаңғы-биатлон кешенінде Қазақстан Кубогы үшін жарыстар өтеді

Азия ойындарына дайындық шеңберінде Алматыдағы шаңғы-биатлон кешенінде Қазақстан Кубогы үшін жарыстар өтеді

7-Қысқы Азия ойындарына дайындық аясында 25 желтоқсан күні Алматыдағы шаңғы-биатлон кешенінде (Талғар ауданы Солдатское шатқалы) биатлоннан ерлер және әйелдер командалары арасында Қазақстан Кубогы үшін жарыстар өтеді.

  • 23 Желтоқсан 2010
  • 575
Фото - Caravan.kz

Жарыстарға Қазақстан құрамасының барлық мүшелері мен кандидаттары және республиканың барлық өңірлерінен өкілдер қатысады. Аталмыш ойындарға 2010 жылғы Ванкувердегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева да қызу дайындалуда.

Кубок нәтижесі бойынша Ақ Азиада ойындарында өнер көрсететін Қазақстанның ұлттық құрамасының негізгі құрамы анықталатын болады.

Еске салайық, 7- Қысқы Азия ойындарының аясында биатлон жарыстары 31 қаңтар күні басталып, 6 ақпан күні аяқталады. Барлығы 7 жиынтық медаль сарапқа салынады.