Азия ойындарынан қуылған жаттықтырушы мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия ойындарынан қуылған жаттықтырушы мәлімдеме жасады

Азия ойындарынан қуылған жаттықтырушы мәлімдеме жасады

Жаттықтырушы жарыстан масқара боп қуылды. Оңтүстік Кореядағы Азия ойындарына барған ушудан ұлттық құраманың бапкері Медет Әбжанов әдепсіз әрекеттері үшін шеттетіліп, отанына қайтарылды.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 353
Фото - Caravan.kz

Бақыт Ахметов, ҚР Ушу федерациясының бас хатшысы:

-Ол өзінің жартылай жаңалаш күйінде түскен суретін кәріс қызға жіберіпті. Хат та жолдаған екен. Бұл халықаралық жарыстарда жасауға болмайтын дүние. Себебі адам бір өзі ғана емес, бір ұжым болып барды. Барлығы елімізді жақсы қырынан ғана таныстыруы тиіс.

Тәжірибелі спортшы азиаданың ұйымдастыру жұмыстарына атсалысып жүрген еріктілердің біріне тиіскені үшін көзге түсіпті. Бойжеткеннің есімі қазірше құпияда ұсталуда. Ал бапкерге бірден шара қолданылып, ол Қазақстанға оралды. Оның үстінен арыз жазған қыз дәлел ретінде Әбжановтан келген СМС-хатты тіркеген екен. Бірақ айыптының өзі жарына жіберілген хабарламаның абайсызда бойжеткенге кетіп қалғанын алға тартып отыр. Ұлттық олимпиада комитетінің басшылығы елге оралған соң бұл жайтты толық тергемек. Бірақ басы дауға қалған бапкер өзіне шаң жуытпауда, тіпті өзінің ақ екендігін сот арқылы дәлелдеуге дайын екен.


Медет Әбжанов, Ушудан Қазақстан құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы:

Біздің Вика деген волонтер қызымыз болған. Ол бізге көмектесіп, аударма жасады. Енді менің телефонымда уатсап арқылы жазылып тұрды. Кім өз әйеліне хат жазбайды, жіберген кезімде сол қызға кетіп қалыпты. Ол қыз дұрыс түсінбей арыз жазған. Мен кешке ғана суретті дұрыс жібермегенімді көрдім. Ол қызбен сөйлесейік десек сөзге келмейді.