Геннадий Паршин жаттықтыратын ұлттық құрама С тобында өнер көрсеткен болатын. Олар үндістандықтарға 1:3, оңтүстік кореялықтарға 0:3 есебімен ұтылып, вьетнамдықтардан ғана 3:1 есебімен басым түсті. Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша Оңтүтік Корея 6 ұпаймен — бірінші, Үндістан 5 ұпаймен — екінші, 4 ұпаймен Қазақстан — үшінші, ал 3 ұпаймен Вьетнам құрамасы төртінші орын алды. Біркүндік үзілістен кейін ертең командалар жүлделі орындарды сарапқа сала бастайды. Өз топтарында 1-2 орын алғандар — 1-8, ал 3-4 орын алғандар 9-16 орын үшін таласатын болады. 23-інде — 9-16, ал 24-інде 1-8 орындарға таласқан командалардың ақтық ойындары өтеді.