Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық құрама 1-8 орындар үшін таласуға мүмкіндік алды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық құрама 1-8 орындар үшін таласуға мүмкіндік алды

Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық құрама 1-8 орындар үшін таласуға мүмкіндік алды

Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан XVI Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық құрама алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша өз тобында үздік шықты.

  • 23 Қараша 2010
  • 531
Фото - Caravan.kz

Нелли Щербакова жаттықтыратын қазақстандықтар Жапония, Тайпей, Үндістан, Мальдивы және Солтүстік Корея волейболшыларымен бірге В тобында өнер көрсеткен болатын. Барлық ойында мерейі үстем болған ұлттық құрама енді 1-8 орындар үшін таласуға мүмкіндік алып отыр. Негізгі кезеңдегі алғашқы ойынын олар ертең А тобында 4-орын алған Моңғолия спортшыларымен өткізеді.

Жалпы 18 қарашада басталған бұл дүбірлі доданың ақтық ойындары сенбіде болады.