Бүгін Иондонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында жазғы Азия ойындары басталды. Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы жүлде алтын болды, деп хабарлады vesti.kz
Қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Отандасымыз финалда Рио Олимпиадасының чемпионыСан Ен Пакты жеңді. Дмитрий үш кезең бойы есепте алды тұрды. Дегенмен соңғы кезеңде Олимпиада чемпионы біздің спортшыны қуып жетті. Соңғы секундтарда сәтті шабуыл жасаған Алексанин Азиаданың чемпионы атанды. Қорытынды есеп — 15:12.
Еске сала кетейік, Дмитрий Алексанин жартылай финалда Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионыДжунг Джинсуннан басым түскен болатын.