Онда «Азиада-2011» қысқы ойынының мән-маңызы айтылып,, атқарылуы тиіс негізгі міндеттер сөз болды.
Алдағы жылы өткізілетін бұл додада спорттың 11 түрінен жарыс өткізіледі. Оған алдын ала дайындық жұмыстары қазірден бастап жүргізілуде.
Мәжілісте Астана қаласындағы эстафета дирекциясы бастығының орынбасары Сәрсен Құранбек келер жылғы қаңтардың 15-де Қызылорда қаласына 7-ші қысқы Азия ойынының алау эстафетасы жеткізілетінін мәлімдеп, осыған байланысты дайындық шарасын тиянақты өткізу қажеттігін алға тартты.
Жиын барысында облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев алау эстафетасының жүру бағытын жан-жақты баяндап, оны абыроймен атқаруға сенім білдірді.