Азия пара ойындарында Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия пара ойындарында Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты

Азия пара ойындарында Қазақстан қоржыны екі медальмен толықты

 Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті.

  • 27 Қазан 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Шосседегі веложарыстан жекелей сында Кенжеғұл Сейтжан пилот Антон Лаврентьевпен бірге үздік үштікке ілікті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Мұнда оңтүстіккореялық Ким Чжун Бин жеңімпаз атанса, индонезиялық Нурфенди мәре сызығын екінші болып қиды.

Бұл – VІІІ шақырылымдағы Мәжіліс депутаты К.Сейтжанның осы Азиададағы екінші медалі.

волейбол

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Волейболдан отырып ойнаудан Қазақстан ерлер құрамасы финалға дейін сүрінбей жетіп, соңғы бәсекеде Иранға (14:25, 16:25, 18:25) 0:3 есебімен есе жіберді. Сөйтіп, қазақстандық параволейболшылар күмісті қанағат тұтты.

Қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 7 алтын, 12 күміс, 21 қола жүлде бар.

 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера