Азия құрлығы қуатты қаржылық-экономикалық кеңістікке айналып келеді - Нұрсұлтан Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия құрлығы қуатты қаржылық-экономикалық кеңістікке айналып келеді - Нұрсұлтан Назарбаев

Азия құрлығы қуатты қаржылық-экономикалық кеңістікке айналып келеді - Нұрсұлтан Назарбаев

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Азия құрлығы қуатты қаржылық-экономикалық кеңістікке айналып келеді. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше Астанада Азиядағы ынтымақтастық диалогына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуіне келген делегация өкілдерімен кездесуде атап көрсетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қазан 2008
  • 743
Фото - Caravan.kz

Елбасы алдымен делегация басшыларын Астанаға келулерімен және Қырғыз Республикасының осы Ұйымға толыққанды мүше болуымен құттықтады. Одан кейін Мемлекет басшысы бұл Ұйымның қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, Азия құрлығындағы елдердің экономикалық жағынан дамуына қосатын рөліне тоқталды. Сонымен қатар Президент 2007 жылғы маусымда Сеулдегі шешімге сәйкес Қазақстан Азиядағы үнқатысу жөніндегі ынтымақтастыққа 2008-2009 жылдары төрағалық ету міндетіне кірісетінін айтты.

Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Қазақстан осы жылдар ішінде Азия құрлығында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, аймақтар мен мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды дамытуға күш салатын болады. Бүгінде әлем елдері экономикалық дағдарысты бастарынан кешіп отыр. Азық-түлік ресурстарының бағасы өсіп барады. Бұл елдердің экономикалық қатынастарды дамытуына кері әсер етуде.

Президент делегация басшыларын Азия құрлығындағы елдердің қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне назар аудартты. Азия құрлығы қуатты қаржылық-экономикалық кеңістікке айналып келеді, деді Елбасы осы туралы. Әлемдік ішкі жалпы өнімнің үштен бір бөлігі Азиядағы елдердің үлесіне тиеді. Оған мысал ретінде Мемлекет басшысы 1997-1998 жылдардағы қаржы дағдарысы кезінде алтын-валюта резервінің 87 пайызы Азия құрлығында жинақталғанын келтірді.

Әлемдік инвестиция тасқынының 40 пайыздан астамы Азиядағы мемлекеттердің экономикасына бағытталған, деді Президент әрі қарай. Азияның экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқанымен қатар, онда ұлтаралық және конфессияаралық шиеленістер ошағы бар екендігін ұмытпауымыз керек. Елбасы сондай-ақ халықаралық лаңкестік, трансұлттық қылмыстар, экология мен жұқпалы аурулардың таралмауына байланысты пікір білдірді.

Елбасы сөзінің соңында әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның ұстанған саясатынан да хабардар етті. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, біздің ел ядролық қарудан өз еркімен бас тарту және Семей ядролық сынақ полигонын жабу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұстанымын айқындады. Бүгін өтетін «Ортақ әлем: әралуандылық арқылы прогреске» конференциясы Мұсылман әлемі мен Батыс елдері арасындағы үнқатысудың негізіне айналады.

Кездесуде Кувейт премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мохаммед Сабах ас-Салам ас-Сабах, Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Ю Мен-Хван, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эднан Қарабаев сөз алып, Азиядағы үнқатысу ынтымақтастығына байланысты ойларымен бөлісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар