Оның пікірінше, бұл кездесудің Астанада өтуінің өзі «Қазақстан даму банкінің даму институты ретінде қалыптасып үлгергенін» көрсетеді.
Қ.Шалғымбаев осы орайда елімізге инвестициялық бедел қалыптастырып, инвестиция тарту үшін бұл деректің маңызы зор екенін атап өтті.
Қауымдастыққа Қытай даму банкі, Корея даму банкі, Түркия даму банкі, Үндістан экспорт-импорт банкі, Қазақстан даму банкі сынды танымал даму институттары мүшелікке өткен.