Азия және Мұхиттар аймағындағы қаржылық даму институттары Қауымдастығының жыл сайынғы 27-кездесуін 2004-жылдың мамыр айында Астанада өткізу жоспарланды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия және Мұхиттар аймағындағы қаржылық даму институттары Қауымдастығының жыл сайынғы 27-кездесуін 2004-жылдың мамыр айында Астанада өткізу жоспарланды

Азия және Мұхиттар аймағындағы қаржылық даму институттары Қауымдастығының жыл сайынғы 27-кездесуін 2004-жылдың мамыр айында Астанада өткізу жоспарланды

Астанада 2004-жылдың мамыр айында Азия және Мұхиттар аймағындағы қаржылық даму институттары Қауымдастығының (ADFIAP) жыл сайынғы 27-кездесуін өткізу жоспарланды. Бұл туралы Қауымдастықтың бас хатшысы Орландо Пена

  • 17 Қыркүйек 2003
  • 576
Фото - Caravan.kz

қыркүйектің 14-16-күндері Ұлан-Батырда өткен жыл сайынғы 26-шы ADFIAP кездесуіне қатысушылар атынан ұсыныс білдірді.

ADFIAP — 1976-жылдың 1-қазанында Филиппины елінде тіркелген коммерциялық емес әрі акционерлік емес ұйым.
Даму жобаларын қаржыландыруға түрткі болушы аймақтық лидер ұйым болып табылатын ADFIAP-тың басты мақсаты- Қауымдастыққа мүше-елдер арасында жемісті қарым-қатынасқа жағдай жасау болып табылады. Ұйымның міндеті — жобалардың әлеуметтік маңызын ескере отырып Ұлттық даму институттарының іс-қызмет аясын кеңейту және оны жақсарту, техникалық және ақыл-кеңестік көмектер беру, бірлескен тақырыптық дәрістер мен қызметкерлердің кәсіптік деңгейін шыңдауға бағытталған семинарлар ұйымдастыру болып табылады.
Қауымдастық саясатының басым бағыттарының бірі — қоршаған ортаны қорғау және сақтауға, кедейлік деңгейін төмендетуге және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру болмақ.
Қауымдастыққа Азия және Мұхиттар аймағындағы 33 елдің 70 қаржылық институты қамтылған. Олардың арасында Азия Даму банкі, Канаданың даму жөніндегі Коммерциялық банкі, Қытайдың мемлекеттік даму банкі, Корея даму банкі, Иран даму банкі, Үндістанның өнеркәсіптік даму банкі қатарлы ірі қаржылық институттар бар.
Жыл сайынғы 26-шы ADFIAP кездесуінде Қазақстанның Даму банкі Қауымдастықтың директорлары кеңесіне мүшелікке қабылданды.

Соңғы жаңалықтар