«Азия жаңғырығы-2014» цирк фестивалінің бас жүлдесін қазақстандық дуэт иеленді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Азия жаңғырығы-2014» цирк фестивалінің бас жүлдесін қазақстандық дуэт иеленді

«Азия жаңғырығы-2014» цирк фестивалінің бас жүлдесін қазақстандық дуэт иеленді

Елорда циркінде «Азия жаңғырығы-2014» халықаралық цирк фестивалінің қорытындысы шығарылды. Байқаудың бас жүлдесін Қазақстанның атынан қатысып, «Икар аңызы» өнерімен көпшілік алдына шыққан Дәулет Досбатыров пен Марина Стародубова ұтып алды.

  • 9 Шiлде 2014
  • 345
Фото - Caravan.kz

«Мен осы уақытқа дейін көптеген байқауларға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атандым. Ал Марина үшін бұл алғашқы жеңіс, бұл жеңіс оны шабыттандыра түспек. Бұл нөмірдің басқа ешқайда қойылмай, осы шара үшін арнайы дайындалуының өзі бізді жеңіске жетелесе керек. Цирк өнері мен драматургияның өзара үндесуі көрерменге ерекше әсер сыйлады. Мен осы жанрды өмір бойы серік етіп келемін. Ал Марина 5 жылдан бері айналысып келеді», — дейді Д.Досбатыров.

Әділқазылардың айтуынша, таңдаулы өнерпаздардың арасынан үздіктерін таңдап алу қиынға түскен. Әр қатысушының өзіндік ерекшеліктері бар.

«Біз шара жеңімпазын анықтау үшін ұзақ ақылдастық. Өйткені біз қатысушыларды режиссура, трюктерді орындау техникасы мен оның қиындығы, музыкалық әрлеу мен әртістік шеберлігі тәрізді 4 талап бойынша бағаладық», — дейді әділқазы мүшесі Таисия Корнилова.


Естеріңізге сала кетейік, Астана күнін тойлау аясында 8 елден келген цирк әртістері «Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде өз өнерлерін ортаға салды. Олардың өнерлерін қала тұрғындары мен қонақтары 8 күн бойы тамашалады, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Перейти к новостям спорта