Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы Қазақстанның бастамасы ақталды- РФ СІМ-нің сарапшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы Қазақстанның бастамасы ақталды- РФ СІМ-нің сарапшысы

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы Қазақстанның бастамасы ақталды- РФ СІМ-нің сарапшысы

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес шақыру туралы Қазақстанның бастамасы толық ақталды. Бүгін, 26-қарашада Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысында РФ СІМ-нің жалпыазиялық проблемалар департаментінің бастығы Александр Иванов осындай пікір білдірді.

  • 26 Қараша 2003
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің алғашқы саммиті қатысушылар санының көптігіне қарамастан өзара түсіністікке келуге болатынын, маңызды әрі күрделі проблемалардың шешімін табуда өзара пәтуаластыққа жол ашық екенін көрсетіп берді»,- дедіА.Иванов.

Осы орайда А.Иванов «аймақтағы тыныштықтың түпкілікті нығаймай отырғанына» өкініш білдіре отырып «біз қазір жаңа тұрпаттағы қауіп-қатерлермен, соның ішінде лаңкестік, экстремизм, сепаратизм, есірткі тасымалы және басқа да қатерлермен бетпе-бет келіп отырмыз»,- деді ол. Осыған байланысты А.Иванов ресми Ресейдің «Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процессі айрықша қажетті» деген пікірін жеткізді. Осы сатыдағы сарапшылық жұмыстар біздің дұрыс бағыт ұстанғанымызды айғақтайды деді А.Иванов.
«Сенім шараларының Каталогы, ұйымның хатшылығы туралы ережелер мен Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес процедуралары тәртіптерінің жобасын жасауға бағытталған біздің жұмыстарымыз Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңестің нақты тәжірибелік сипаттағы жұмыстарға кірісуіне мүмкіндік беретін стратегиялық маңызды міндет болмақ»,- деп қорытты ол өз сөзін.

Соңғы жаңалықтар