Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше елдердің өзара сенім шаралары аясында трансшекаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор - ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше елдердің өзара сенім шаралары аясында трансшекаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор - ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше елдердің өзара сенім шаралары аясында трансшекаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор - ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше елдердің өзара сенім шаралары аясында трансшекаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызы зор. Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов атап көрсетті.

  • 7 Шiлде 2003
  • 565
Фото - Caravan.kz

» Кеңеске мүше елдер өзара ортақ шекара аймағында табиғи ресурстар мен қорықтарды бірлесіп пайдалану принциптерін жасауға мүмкіндігі бар»,- деді Қ.Әбусеитов.

Оның пікірінше, су ресурстары, трансшекаралық өзендер мен су қоймаларын пайдалану — саяси маңызы бар аса өзекті мәселелер қатарына жатады. Бұл мәселелер екі жақты пәтуаластық негізінде шешілетіндіктен өкілдер құрамының оған қатысты сан-салалы позиция ұстанып отырғаны түсінікті . «Аталмыш мәселені шешуге байланысты қандай да бір тың пікір-көзқарастарды айқындап алу керек»,- деді СІМ-нің орынбасары.
Қ.Әбусеитовтың пікірінше, «экономиканың ең бір қарқынды дамып келе жатқан туризм саласындағы ынтымақтастықтың болашағы да зор. Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше елдердің иелігінде ірі әлемдік туризм орталықтары бар екенін, сондай-ақ, мүше елдердің арасында туристік әлеуеті әлі де толық іске қосылмаған мемлекеттердің бар екенін ескергенде өзара пайдалы ынтымақтастыққа мүмкіндік әлі де сарқылған жоқ».
Осы орайда қайырымдылық саласындағы ынтымақтастыққа да тоқтала кеткен Қ.Әбусеитов : «отырыс аясында құтқару қызметтерінің өзара ықпалдастығы, қандайбір төтенше жағдай болғанда өзара қолұшын беру мәселелерін талқылауымызға болады. Болашақта осындай іс-қызметтерді үйлестіретін тиісті орган құруға мүмкіндік бар. Жоғарыда аталған шаралардың барлығын сенім шараларының Каталогына қамтуға болады»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске Азия құрлығында орналасқан 16 мемлекет, атап айтсақ, Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Үндістан, Израиль, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан қамтылады .
Кеңеске мүше-елдердің жалпы тұрғындар саны 3 млрд. адамды құрайды. Аумақ көлемі 38,8 млн. шаршы шақырымды немесе жалпы Азия аймағы аумағының 89 проценті, Еуразия құрлығының 72 процентін иемденеді.

Соңғы жаңалықтар