Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің хатшылығын Алматыда орналастыру туралы мәселе іс жүзінде шешілді - ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің хатшылығын Алматыда орналастыру туралы мәселе іс жүзінде шешілді - ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің хатшылығын Алматыда орналастыру туралы мәселе іс жүзінде шешілді - ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің хатшылығын Алматыда орналастыру туралы мәселе іс жүзінде шешілді. Бұл туралы бүгін, 11-ақпанда ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Ақпан 2004
  • 404
Фото - Caravan.kz

Ұйымның хатшылығын Алматыда орналастыру туралы шешім Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше-елдердің аға лауазымды қызметкерлері Комитетінің бүгін басталған отырысында қабылдануы тиіс.

Қ.Әбусеитовтың айтуынша, ұйымның бас пәтері Алматыда орналасуы тиіс деген мәселе төңірегінде Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске қатысушылар «өзара түсіністікке келіп отыр». Вице-министр осы орайда Қазақстан үкіметі хатшылықты ашуға қажетті барлық мүмкіндіктердің дер кезінде жасалуына бар күшін салады деп атап өтті. Қ.Әбусеитовтың болжауынша, Хатшылық ұйымға мүше-елдердің мемлекет басшыларының 2006-жылға межеленген саммиті кезінде ашылуы мүмкін.
Осы уақытқа дейін Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің процедуралары туралы тәртіп пен Хатшылық ережелері әзірленіп бітеді деп күтілуде. Қазір аталмыш құжаттарды дайындау жұмыстары жалғасуда. ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының айтуынша, ұйымға мүше елдер көптеген мәселелер бойынша өзара келісімге келді. Алайда, әзірге ұйымға қатысушылар хатшылықты қаржыландыру турасында ортақ мәмілеге келе алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар