“Біздің форумның жұмысы кеңеске қатысушылардың кейінгі төрт жылдағы күш-жігері біз қалаған нәтижеге жеткізгенін көрсетеді”,- деді Н.Назарбаев.
“Бүгін Алматыда жиналған баршымыздың мақсатымыз бір. Ол – Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу. Бүгін осы бағытта аса маңызды тағы бір қадам жасалды. Бұл мақсатқа жететін жол бұралаң әрі шалғай. Бірақ біз оны бірлесе жүріп өтуге келістік. Бұл шешім біздің елдеріміз бен халықтарымыздың қауіпсіздігі мен игілігі, баянды бейбітшілік үшін жасалатын қадамдардың ақырғы нәтижесіне басты кепілдік болмақ”,- деді Н.Назарбаев.