Қ.Тоқаевтың айтуынша, «тараптар хатшылық құру тұрғысында, ұйымның осынау айрықша маңызды органының негізгі параметрлері тұрғысында ортақ пікірге келді». Алайда, хатшылықты іс жүзінде құрмас бұрын Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше -елдермен ақылдасу қажет.
Қазақстанның бас дипломатының айтуынша, қазір «саммитті өткізетін орынды таңдау турасында келіссөздер жүргізіліп жатыр». «Қытай және Үндістан сыртқы істер министрлерін қабылдаған Қазақстан президенті жоғары деңгейдегі бұл кездесуді Азиядағы қандайбір ірі мемлекеттің аумағында өткізу мүмкіндігі туралы қызғылықты пікірді ортаға салды»,- деді Қ.Тоқаев. Сонымен бірге ол «Алматы 2002-жылғыдай Азия елдерінің мемлекет басшыларын қабылдауға дайын» деп атап көрсетті.