Азиядағы сенім шараларының Каталогындағы қағидаларды жүзеге асыруда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес көп сатылылық және еріктілік принциптеріне бағынады - ҚР СІМ-нің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиядағы сенім шараларының Каталогындағы қағидаларды жүзеге асыруда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес көп сатылылық және еріктілік принциптеріне бағынады - ҚР СІМ-нің орынбасары

Азиядағы сенім шараларының Каталогындағы қағидаларды жүзеге асыруда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес көп сатылылық және еріктілік принциптеріне бағынады - ҚР СІМ-нің орынбасары

Азиядағы сенім шараларының Каталогындағы қағидаларды жүзеге асыруда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес көп сатылылық және еріктілік принциптеріне бағынады. Бұл туралы бүгін, 26-қарашада Алматыда басталған Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің арнаулы жұмыс топтарының отырысы барысында өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Әбусеитов атап көрсетті.

  • 26 Қараша 2003
  • 713
Фото - Caravan.kz

Қ.Әбусеитовтың айтуынша, «даму деңгейіне қарай ала-құла боп келетін Азия елдері үшін экономикалық байланыстардың маңызы айрықша зор». Алайда, қауіпсіздік мәселесінде әскери-саяси аспектлер мен мәдени және экологиялық салалардың да принциптік маңызы кем түспейді әрі бұл Еуропадағы қауіпсіздік шаралары ұғымынан әлдеқайда ауқымды. «Қауіпсіздік ұғымына қамтылатын кез-келген құрамды бөлік бойынша өзара көзқарас қайшылығы үлкен шиеленістерге алып келуі мүмкін»,- деді ол. Тағы бір аймақтық айырмашылық сонда, кейбір елдер арасындағы қарым-қатынас мүлдем үзіліп қалған қазіргі таңда Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес түрлі елдер арасында байланыс орнатуға талпынатындығымен ерекшеленеді.

Келесі жағынан Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше елдер, Қ.Әбусеитовтың айтуынша, түрлі міндеттемелер мен ережелерді біртіндеп қабылдау және орындауға құқылы болуы тиіс. Соның нәтижесінде елдер аймақтық ахуалға және өз көзқарастарына қарай күрделі боп саналатын міндеттемелерге біртіндеп ден қоя алады. Вице-министрдің айтуынша, Каталогты дайындауда лаңкестік, экстремизм, есірткі саудасы және халықты жаппай қырып-жою жөніндегі қаруларды таратпау мәселелері негіз етіп алынды.
Министр орынбасарының айтуынша, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес жұмыс істей бастаған алғашқы сәттен бастап таңдап алынған біртіндеп кірісу принципі арнайы жұмыс тобының іс-қызметінің сапасына да өзіндік ықпалын тигізді. «Қазір біздің арамызда ғаламдық сипаттағы концептуалдық алшақтықтар арылды». Қандайбір құжатты әзірлеуге қажетті мерзім барған сайын қысқара түсуде. Қ.Әбусеитов арнайы жұмыс тобы межеленген мерзімде тиімді құжат дайындап шыдайды және ол Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің 2006-жылғы екінші саммитінде қабылданады дегенге сенім білдірді.
Арнайы жұмыс тобының жұмысы 28-қарашаға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар