«Барлығы 69 түрлі медальдар ойналады. Медальдарды Қазақстан Ұлттық банкінің теңге сарайы жасап шығарды», — деді А.Құлназаров.
Медальдар Азиада кристалы ретінде жасалған, оның ортасында логотип пен ұлттық өрнек салынған. Алтын және күміс медальдардың салмағы 340 грамм, ал қола — 520 грамм. А.Құлназаров атап өткендей, «Сапасы мен салмағы бойынша осыған дейінгі Азия ойындарының медальдары осыншама құнды болмаған».