«Азшыл ұлттар істері жөніндегі бас комиссар ретінде мен Қазақстанның 2009- жылы ұйымға төрағалық жасауға өз кандидатурасын ұсыну туралы талпынысын қолдаймын»,- деді Р.Экеус. Ол осы орайда «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға құлық танытқан елге қызығушылық барынша артатыны сөзсіз», деп мәлімдеді.
Ал сенат спикері Қазақстан мұндай қадамның маңызы мен жауапкершілігін бағамдайды, деп атап өтті. «Демократия және экономикалық даму тұрғысынан қойылатын талаптарға сәйкес болу үшін қолдан келгеннің бәрін істеу — біз алға қойып отырған басты мақсат»,- деді Н.Әбіқаев.
«Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан Орталық Азия аймағына деген қызығушылық пен назардың артқанын зор қанағаттанғандық сезіммен қабылдайды», деді сенат төрағасы. «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басқаруымен ұлтаралық қарым-қатынасты одан әрі үйлестіру тақырыбы бойынша Қазақстанда семинарлар топтамасын ұйымдастыру мен ұйымның жоғары лауазым иелерінің елімізге сапармен келуі демократиялық институттарды дамыту мен көп жақты ынтымақтастықтың барлық қырлары бойынша өзара диалогты жолға қоюға түрткі болмақ»,- деді ол.
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету тәжірибе мен дүиежүзіндегі түрлі діндер мен конфессиялар өкілдерінің алқалы жиынын ұйымдастыру жөніндегі бастама Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының гуманитарлық саладағы іс-қызметін нығайта түсуге дербес үлес болып қосылатынын атап көрсетті.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті