Азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол жоқ

Азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол жоқ

Азық-түлік бағасын орынсыз көтеруге жол бермеу керек. Алыпсатарлыққа тосқауыл қойып, әкімдер бұл мәселені жіті қадағалауында ұстауы тиіс.

  • 18 Қараша 2015
  • 664
Фото - Caravan.kz


Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы бұл мәселеге тағы бір мәрте тоқталып, жіті назар аударды. Президент азық-түлік өнімдерінің 80%-ымен өз-өзімізді қамтамасыз ету керектігін айта келе, «бағаны негізсіз өсіруге себеп жоқ», — деді. Бірақ бағаны төмендетеміз деп бизнеске ауыртпалық салмауды ескертті. Ал қазіргі әлемдік дағдарысты дүрлікпей, жаңашылдыққа бастайтын кезең деп қабылдау қажеттігін айтты. Бұл ретте Мемлекет басшысы халыққа түсіндіру жұмыстары көңіл көншітпейтінін тілге тиек ете келе, шенеуніктерге қалыптасқан жағдайды елге қарапайым тілмен жеткізуді тапсырды. Қол қусырмай, аянбай еңбек етуді жүктеді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: — Бізде жақсы кездерде халықтың жағдайы жақсы болды. Қазір де шүкір, жаман емес. Алып бара жатқан ештеңе жоқ. Ел аман, жұрт тыныш. Өз шаруаларын жасап жатыр. Дастарханында тамағы бар. Басында үйі бар. Астында көлігі бар. Әр қазақтың өмірінде мұндай жағдай болған жоқ. Түсіндіре білу керек елге. Барлық елдің өтіп жатқан мәселесін. Біз де содан өтеміз. Қазір жұмысты күндіз-түні, бұрынғыдан 2 есе көп істеу керек. Жылдың аяғы, мінекей, бітіп келе жатыр. Барлық жерде қарау керек. Халыққа жылу беру мәселесін қарау керек. Жылды дұрыстап аяқтау керек. Әр облыста, ауданда, әр министрлікте барлықтарын жиналып қараңдар. Мынадай жағдайда экономиканы төмендетпей, жоғарғы дәрежеде ұстау барлығымыз үшін абырой.

Соңғы жаңалықтар