"Азық-түлік бар. Шам, гигиеналық құралдар, шылым, киім керек": Семейдегі еріктілер не керек екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Азық-түлік бар. Шам, гигиеналық құралдар, шылым, киім керек": Семейдегі еріктілер не керек екенін айтты

"Азық-түлік бар. Шам, гигиеналық құралдар, шылым, киім керек": Семейдегі еріктілер не керек екенін айтты

Абай облысындағы өртке байланысты еліміздегі түрлі қайырымдалық қорлар мен блогерлер қаражат жинауда.

  • 13 Маусым 2023
  • 80
Фото - Caravan.kz

Өрт болып жатқан аймақтағы  еріктілер әлеуметтік желіде азық-түлік емес, гигиеналық заттар мен киімдер керек екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

semey _ city_ парақшасы  еріктілердің  "Азық-түлік бар, шам, гигиеналық құралдар, шылым, өрт сөндірушілерге киім-кешек, тіс щеткасы, дәрі-дәрмек,  шамдарға батарейка керек"  деген жазбасын жариялады. Сондай-ақ, аталмыш парақшада 2,4,5,6,10,12,15 жастағы балалар мен жасөспірімдерге киім-кешек керек екендігі де айтылған. Ал go_ semey паракшасында 150 шт футболка, 700 шт носки, аяқ киім соның өзі жетпей қалды.. Көбінесе батырларымызға киім жағынан көмектессек делінген. 

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта өрттің жалпы аумағы шамамен – 60 мың га. Алайда елді мекендерге қауіп жоқ.

«13 маусым күні таңғы сағат 4-тен бастап өрттің шеттерін сөндіру мақсатында төрт әуе бортының ұшуы жүзеге асырылды. Алайда қатты түтін ұшқыштардың жұмысын қиындатуда. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге барлығы 1803 адам, 348 бірлік түрлі техника мен 12 тікұшақ жұмылдырылған», – делінген министрлік хабарламасында.