Азық-түлік белдеуін құру жөніндегі кешенді шараларды дайындау үшін жұмыс тобын құру - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік белдеуін құру жөніндегі кешенді шараларды дайындау үшін жұмыс тобын құру

Азық-түлік белдеуін құру жөніндегі кешенді шараларды дайындау үшін жұмыс тобын құру

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев дүйсенбі күні кешке Мемлекет басшысының елорда жанында азық-түлік белдеуін құру, Астананың жасыл аймағын құру және Нұра-Есіл арнасының сағасын тазалау жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асырылу мәселелеріне арнап жұмыс кеңесін өткізді.

  • 7 Маусым 2011
  • 376
Фото - Caravan.kz

Кеңес жұмысына Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облысы әкімдіктерінің өкілдері мен қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың басшылары қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

ҚР Ауылшаруашлығы министрі Асылжан Мамытбеков, Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крылов, АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Игорь Коваль, АШМ Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасы Анарбек Орман баяндама жасады.

Талқылаулар нәтижесі бойынша Ө.Шөкеев Ауылшаруашылығы министрлігі мен елорда әкімдігіне айтылған сын-ескертпелерді есепке ала отыра, азық-түлік белдеуін құру жөніндегі кешенді шараларды дайындау үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.

АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне, Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктеріне жасыл аймақты құру бағдарламасының жүзеге асырылу кестесін жасап, оны қысқа мерзімде Үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.

АШМ Су ресурстары комитетіне Үкімет отырысында қарау үшін Нұра-Есіл өзені арнасының сағасын тазалау жөнінде ұсыныстарын дайындау туралы тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар