Азық-түлік дағдарысы адамның басты құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін -БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азық-түлік дағдарысы адамның басты құқықтарының  бұзылуына әкелуі мүмкін -БҰҰ

Азық-түлік дағдарысы адамның басты құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін -БҰҰ

Алматы. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Азық-түлік дағдарысы адамның басты құқықтарның бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл туралы 22 мамырда азық-түлік дағдарысы салдарынан тамақтану құқығының бұзылуына арналған адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы 7 -ші сессиясы кезінде БҰҰ адам құқығы жөніндегі бас комиссары Луиза Арбур мәлімдеді.

  • 23 Мамыр 2008
  • 587
Фото - Caravan.kz

Сессия қатысушылары алдында сөз сөйлеген Л. Арбур мәлімдегеніндей, «туындап отырған жағдай адам денсаулығын қорғау, білім алу сияқты адамдардың басты құқықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін «.

Ол айтқанындай, әлемде азық- түліктің жетіспеушілігі және оның бағасының қымбаттығы сансыз адамдардың құқықтарын сақтамай, әлемдегі игілікке қауіп төндіреді. Оның сөздері бойынша, кейбір апатты аймақтарда азық-түлікке қатысты туындаған жағдай теріс саясаттың кесірінен әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындарды тығырыққа тіреді.

Л. Арбур атап өткеніндей, бүгінгі азық-түлік дағдарысы бірқатар факторлардан пайда болған, соның ішінде сұраныс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдіктің жоқтығы, әділетсіз сауда тәжірибесі, сондай-ақ дұрыс жасалмаған саясаттың салдарынан өнеркәсібі дамыған елдердің фермерлеріне жеңілдіктер мен субсидиялардың берілгендігі бар. Бұның нәтижесінде адамдардың тамақтануға қол жеткізу мүмкіндігі азайды.

«Мемлекет жеке және ұжымдық заңды түрді халықаралық құқықтық нормаларына сәйкес қалыптасып отырған жағдайды түзеп, адамдардың құқығын таптамай оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге тиіс екендігін естеріңізге салуға рұқсат етіңіздер «, — деп мәлімдеді БҰҰ құқыққорғау басшысы. Ол айтқанындай, тамақтану құқығынан айрылғандар құқық қорғау құралдарының көмегіне жүгінуге мүмкіндігі болуы керек.

Л. Арбур атап өткеніндей, азық-түлік дағдарысы ұлттық шекара аясынан шығып бара жатыр, сондықтан мұндай жағдайды еңсеру және кедей елдерге көмек көрсету үшін мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды. Ол еске салғанындай, мұндай ынтымақтастық қажеттігі БҰҰ жарғысы мен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактісінде бекітілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті